14 сағат бұрын
Соболенко «Үлкен дулыға» турнирлерінің тарихына енді
Әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко «Үлкен дулыға» санатындағы турнирлерде тағы бір тарихи жетістікке қол жеткізді.
«Ролан Гаррос»-2026 турнирінің ширек финалына шығу арқылы беларусь теннисшісі қатарынан 14-рет «Үлкен дулыға» жарыстарының үздік сегіздігіне енді.
Осылайша Соболенко 2005 жылдан бергі кезеңде мұндай көрсеткішке жеткен алғашқы теннисші атанды. Бұған дейін осындай ұзақ серияны америкалық аңыз Серена Уильямс көрсеткен еді. Ол 2000 жылғы Уимблдоннан бастап 2005 жылғы Australian Open турниріне дейін қатарынан 16 рет ширек финалға шыққан.
Еске салсақ, «Ролан Гаррос»-2026 турнирінің 1/8 финалында Арина Соболенко жапониялық Наоми Осаканы 7:5, 6:3 есебімен жеңді.
Енді әлемдік рейтинг көшбасшысы ширек финалда WTA рейтингінде 25-орында тұрған ресейлік Диана Шнайдермен кездеседі.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан