Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

Қазақстандық жас теннисшілер Азия командалық біріншілігін әтті бастады

Қазақстандық жас теннисшілер Азия командалық біріншілігін әтті бастады

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның жас теннисшілері Азия командалық біріншілігінің іріктеу кезеңін сәтті бастады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Ферғанада (Өзбекстан) 12 жасқа дейінгі өрендер арасында аймақтық іріктеу турнирі – ITF Asia 12&U Regional Qualifying Event of Central Asia басталды. Додада Орталық Азияның бес елінен келген үздік ұжымдар бақ сынауда. Олар: Қазақстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Қырғызстан және Өзбекстан құрамалары.

Бұл сында отандастарымыз басты фаворит санатында: ұлдар мен қыздар бәсекесінде де біздің құрамалар турнирдің бірінші нөмірлі командалары болып себілді. Екінші нөмір – корт қожайындары, яғни Өзбекстан теннисшілеріне бұйырған.

Жас өрендеріміз жарысты өте сенімді бастады. Алғашқы екі айналымда ұлдарымыз бен қыздарымыз Тәжікстан және Қырғызстаннан келген тұстастарын айқын басымдықпен – 3:0 есептерімен қапы қалдырды. Бүгін Қазақстан құрамалары Түркіменстан командасына қарсы кездесулерін өткізіп жатыр.

Бұл додада тек медальдар ғана емес, жылдың басты турниріне берілетін құнды жолдамалар да сарапқа салынуда. Осы іріктеу қорытындысы бойынша үздік шыққан екі құрама күзде Сингапурде өтетін Азия командалық чемпионатының финалдық кезеңіне (ITF Asia 12&U Team Competition Final) жолдама алады.

Еске салсақ, Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Қытайдың Луань қаласында өтіп жатқан ITF M15 турнирінің ширек финалына шықты.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан