Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің финалына шықты

Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің финалына шықты

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Жұптық сында елдің үздік теннисшісі Анна Данилина Франция ашық чемпионатының бас жүлдесіне таласады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Әйелдер арасындағы жұптық бәсекенің жартылай финалында Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге Сюко Аояма (Жапония) / Лян Энь-Шо (Тайвань) тандемін қапы қалдырды.

Париж корттарындағы кездесу 1 сағат 35 минутқа созылып, қазақстандық-сербиялық дуэттің пайдасына 7:5, 6:2 есебімен аяқталды. Айта кетейік, Анна мен Александра бұл додада екінші нөмірлі болып белгіленген.

«Үлкен дулыға» турнирінің шешуші матчында Данилина мен Крунич жарыстың басты фавориттері – бірінші нөмірлі Катерина Синякова (Чехия) және Тэйлор Таунсенд (АҚШ) жұбымен кездеседі.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан