13 сағат бұрын
Қазақстандық теннисші топ-10-нан тыс қалды
Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) «Ролан Гаррос» қорытындысынан кейін жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик ондықтағы орнын жоғалтып, 11-сатыға түсті. Ол Париждегі турнирдің алғашқы айналымында неміс теннисшісі Ян-Леннард Штруффқа есе жіберген болатын.
Рейтингтің көшін италиялық Янник Синнер бастап тұр. Екінші орында испаниялық Карлос Алькарас, ал үздік үштікті неміс теннисшісі Александр Зверев түйіндеді. Новак Джокович үш сатыға төмендеп, жетінші орынға тұрақтады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан