9 сағат бұрын
Теннисші Алан Құрманғалиев Швецияда өткен турнирде чемпион атанды
Үстел теннисінен отандасымыз Алан Құрманғалиев Швецияның Хельсингборг қаласында өткен халықаралық жарыста жеңіске жетті.
19 жасқа дейінгі спортшылар арасында ұйымдастырылған WTT Youth Contender турнирінде отандасымыз жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетті.
Жарыс барысында Алан Швеция өкілдері Джобс пен Обада Таббахты 3:0 есебімен сенімді түрде жеңді. Сондай-ақ ол венгриялық Балаж Поорды 3:1, Үндістан спортшысы Абхинандх Прадхивадхиді 3:2 есебімен ұтты.
Бұдан бөлек, польшалық Ян Мругала мен даниялық Йохан Хавстинді де тиісінше 3:0 және 3:1 нәтижелерімен жарыс жолынан шығарды.
Финалда қазақстандық спортшы Польша өкілі Самуэль Михнамен кездесіп, 3:1 есебімен басым түсті.
Осы жеңістің арқасында Алан Құрманғалиев 1000 рейтинг ұпайын иеленіп, халықаралық рейтингтегі орнын жақсартуға мүмкіндік алды
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан