2 күн бұрын
Рыбакина Лондон турниріндегі алғашқы матчын өткізеді
11 маусым күні қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Лондонда өтіп жатқан Queen’s Club Championships турнирінің 1/8 финалында Германия өкілі Татьяна Мариямен кездеседі.
Матч Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады. Рыбакина жарысты осы кезеңнен бастаса, Татьяна Мария негізгі кезеңге дейін үш матч өткізіп үлгерді. Германиялық теннисші іріктеу кезеңінде Ұлыбритания өкілі Юрико Миядзакиді, Өзбекстан теннисшісі Камилла Рахимованы және грек спортшысы Мария Саккариді жеңді.
Айта кетерлігі, Татьяна Мария – аталған турнирдің қазіргі чемпионы.
Биылғы жарыстың жалпы жүлде қоры 1,915 миллион долларды құрайды. Турнир жеңімпазы 294 445 доллар сыйақы мен WTA рейтингінің 500 ұпайына ие болады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан