2 күн бұрын
Жиенбаева Қытайдағы турнирдің ширек финалына шықты
Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Қытайдың Юньин қаласында өтіп жатқан ITF W100 санатындағы турнирде сәтті өнер көрсетуді жалғастыруда.
1/8 финалда әлемдік рейтингте 902-орында тұрған қазақстандық спортшы Индонезия өкілі Приска Маделин Нугрохомен кездесті. Жиенбаева матчта екі сетте жеңіске жетті – 6:3, 6:4.
Осы нәтижеден кейін қазақстандық теннисші турнирдің ширек финалына жолдама алды.
Келесі кезеңде Соня Жиенбаева қытайлық Хуан Юйцзя мен ресейлік Екатерина Маклакова арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.
Айта кетейік, турнирдің алғашқы айналымында Жиенбаева әлемдік рейтингтің 189-сатысындағы қытайлық Есинь Маны жарыс жолынан шығарған болатын.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан