1 күн бұрын
Елена Рыбакина жүлдеқоры 1,9 миллион турнирдің ширек финалына шықты
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Лондонда өтіп жатқан WTA Queen’s Club Championships турнирінің ширек финалына жолдама алды.
Отандасымыз 1/8 финалда германиялық теннисші Татьяна Марияны жеңіп, жарыстың келесі кезеңіне өтті.
Кездесудің алғашқы сетінде Рыбакина тай-брейкте қарсыласына есе жібергенімен, кейін ойын тізгінін өз қолына алды. Екінші партияда есепті теңестірген қазақстандық теннисші шешуші сетте толық басымдық танытып, қарсыласына бірде-бір гейм бермеді – 6:0.
Осылайша, Елена Рыбакина Queen’s Club Championships турнирінің ширек финалына шықты.
Айта кетейік, жарыстың жалпы жүлде қоры 1 915 000 долларды құрайды. Ал турнир жеңімпазы 294 445 доллар сыйақы мен 500 рейтингтік ұпайға ие болады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан