6 сағат бұрын
Александр Шевченко Словакиядағы турнирде бас жүлдені сарапқа салады
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Словакияда өтіп жатқан Челленджер санатындағы турнирдің жартылай финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Әлемдік рейтингте 97-орында тұрған және жарыстың бірінші нөмірлі ойыншысы атанған Шевченко жартылай финалда әлемнің 215-ракеткасы, украиналық Виталий Сачкомен кездесті.
Матч екі сетке созылып, қазақстандық теннисшінің 6:4, 6:3 есебімен жеңісімен аяқталды.
Теннисшілер кортта 1 сағат 37 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Александр бес эйс жасап, 14 брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.
Осылайша, Шевченко Братиславадағы турнирдің финалына жолдама алды. Шешуші кездесуде ол италиялық Федерико Чина мен жапониялық Даниэль Таро арасындағы матчтың жеңімпазымен ойнайды.
Еске салсақ, бұдан бұрын Елена Рыбакина «Жыл спортшысы» атанды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан