3 күн бұрын
ATP Бубликтің жаңартылған рейтингтегі орнын жариялады
Александр Бублик ATP жариялаған жаңартылған рейтингте 11-орнын сақтап қалды.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Германияның Штутгарт қаласында өткен ATP 250 санатындағы турнирде жартылай финалға дейін жеткен болатын. Алайда финал жолдамасы үшін матчта америкалық Тейлор Фрицке екі сетте — 4:6, 4:6 есебімен жол берді.
Әлемдік рейтингтің көшін әлі де Янник Синнер бастап тұр. Екінші орында Карлос Алькарас болса, үздік үштікті Александр Зверев түйіндейді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан