Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

13 сағат бұрын

Астанада арбадағы теннистен Қазақстан чемпионатының шымылдығы түрілді

Астанада арбадағы теннистен Қазақстан чемпионатының шымылдығы түрілді

Астанадағы «Дәулет» теннис орталығында арбадағы теннистен Қазақстан Республикасының чемпионаты салтанатты түрде басталды.

Ашылу рәсіміне Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының директоры Болатбек Дүкетаев пен Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев қатысып, жарысқа жиналған спортшыларға сәттілік тіледі.

Болатбек Дүкетаев өз сөзінде арбадағы теннистің Қазақстанда қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

– Арбадағы теннис – еліміздегі ең қарқынды дамып жатқан пара спорт түрлерінің бірі. Жыл сайын бұл спортпен айналысатындардың саны артып, қатысушы өңірлер көбейіп келеді. Қазақстандық спортшылар халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп жүр. Биылғы чемпионат бесінші рет ұйымдастырылып отыр. Осы жарыстың қорытындысы бойынша үздік спортшылар ұлттық құрама сапына шақырылады, – деді ол.

Ел чемпионатына Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қызылорда және Маңғыстау облыстарынан, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларынан келген 40-қа жуық спортшы қатысып жатыр.

Жарыс ерлер, әйелдер және микст санаттарында Open және Quad кластары бойынша өтеді. Чемпионат барысында елдің үздік пара теннисшілері анықталып, халықаралық жарыстарға қатысатын ұлттық құраманың қатары жасақталады.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан