Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 күн бұрын

Құламбаева Болгариядағы турнирдің ширек финалына шықты

Құламбаева Болгариядағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Болгарияда өтіп жатқан ITF W50 турнирінің жұптық сынында ширек финалға жолдама алды.

Құламбаева украиналық Валерия Страховамен бірге жарыстың алғашқы айналымында алаң иелері Лидия Енчева мен Денислава Глушковаға қарсы ойнады. Қазақстандық-украиналық жұп тартысты кездесуде 6:2, 4:6, 10:5 есебімен жеңіске жетті.

Матч 1 сағат 43 минутқа созылды. Осы нәтижеден кейін Құламбаева мен Страхова турнирдің ширек финалына өтті.

Айта кетейік, Жібек Құламбаева Болгариядағы жарыста жекелей сында да өнер көрсетіп жатыр. Екінші айналымда ол ресейлік Валерия Артемьевамен кездеседі. Алғашқы матчында қазақстандық теннисші Финляндия өкілі Лаура Хиетарантаны үш сет қорытындысы бойынша жеңген болатын.

Қазіргі таңда 26 жастағы Құламбаева ITF рейтингінде 429-орында тұр. Ол мансабында ITF санатындағы 46 турнирдің жеңімпазы атанған.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан