3 күн бұрын
Сағындықова ITF турнирінде екінші айналымға шықты
Қазақстандық теннисші Аружан Сағындықова Сербияның Куршумлийска-Баня қаласында өтіп жатқан ITF W15 турнирін сәтті бастады.
Жарыстың бірінші айналымында ол алаң иесі, сербиялық Гала Ивановичке қарсы кортқа шығып, тартысты өткен кездесуде екі сетте де тай-брейк арқылы жеңіске жетті — 7:6 (8:6), 7:6 (7:3).
Осы нәтижемен Сағындықова турнирдің екінші айналымына өтті. Келесі кезеңде ол испаниялық Ана Хиральди Рекенамен кездеседі.
Сондай-ақ қазақстандық теннисші жұптық сында да өнер көрсетіп жатыр. Ол чехиялық Амели Хейтманекпен бірге ширек финалда австриялық-сербиялық Эма Пикорусевич / Стаса Србулович дуэтіне қарсы ойнайды.
Айта кетейік, 21 жастағы Аружан Сағындықова ITF турнирлерінде 6 титул жеңіп алған. Қазіргі WTA рейтингінде ол 667-орында тұр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан