2 күн бұрын
Сарапшы Рыбакинаның соңғы сәтсіздіктерінің себебін атады
Британдық теннис шолушысы Павви Джи қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның Берлиндегі турнирдегі күтпеген жеңілісіне қатысты пікір білдірді.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Германия астанасында өтіп жатқан турнирдің алғашқы матчында филиппиндік Александра Эаламен кездесіп, 5:7, 4:6 есебімен жеңіліс тапты. Осылайша Рыбакина жарысты ерте аяқтады.
Сарапшының пікірінше, қазақстандық теннисші қазіргі таңда өзінің үздік бабында емес.
– Александра Эаланың жеңістен кейінгі эмоциясына қарап, турнирдің чемпионы атанған шығар деп ойлап қалдым. Бұл Эала үшін жақсы жеңіс, бірақ Рыбакина қазір жақсы формада емес. Өткен айда «Ролан Гарроста» ерте жеңілді, өткен аптада Кэти Бултерден ұтылды. Қазір көптеген жетекші теннисшілер бар назарын Уимблдонға дайындыққа аударып отыр, – деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Айта кетейік, Елена Рыбакина Берлиндегі турнирдің басты фавориттерінің бірі саналып, жарыста екінші нөмірмен тіркелген болатын.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан