9 сағат бұрын
Григорий Ломакин Қытайдағы ITF турнирінің чемпионы атанды
Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Қытайдың Мааньшань қаласында өткен ITF M15 турнирінің жұптық сынында жеңімпаз атанды.
Финалда Ломакин австралиялық серіктесі Джошуа Чарльтонмен бірге Оңтүстік Корея өкілі Чо Сын У мен қытайлық Ян Цзыцзянды 6:4, 4:6, 10:7 есебімен жеңді.
Айта кетейік, Ломакин мен Чарльтон турнирде бірінші нөмірмен тіркелсе, олардың финалдағы қарсыластары екінші нөмірлі жұп болды.
Қазақстандық-австралиялық жұп финалға жартылай финалдағы қарсыластары – қытайлықтар Чжэньсюн Дун мен Ван Аожань матчтан бас тартқаннан кейін шыққан еді.
Еске сала кетейік, Мааньшаньдағы ITF M15 турнирі 15 маусымда басталды. Жарыстың жалпы жүлде қоры 15 мың АҚШ долларын құрады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан