Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

WTA жаңартылған рейтингінде Рыбакинаның орны белгілі болды

WTA жаңартылған рейтингінде Рыбакинаның орны белгілі болды

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) спортшылардың жаңартылған рейтингін жариялады.

Қазақстанның бірінші ракеткасы, Елена Рыбакина әлемдік рейтингте екінші орнын сақтап қалды. Ал көш басында Беларусь өкілі Арина Соболенко тұрса, үшінші сатыда польшалық Ига Швёнтек орналасқан.

Үздік ондыққа чехиялық теннисші Линда Носкова көтеріліп, үш сатыға жоғарылап, оныншы орынға жайғасты.

Қазақстандық тағы бір теннисші Юлия Путинцева рейтингте 85-орнын сақтап қалды.

Жұптық сында көш басында чехиялық Катерина Синякова, америкалық Тейлор Таунсенд және канадалық Габриэла Дабровски тұр.

Ал Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина алтыншы орнын сақтап қалды.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан