2 күн бұрын
Құламбаева титулдан кейін әлемдік рейтингте жоғарылады
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Халықаралық теннис федерациясының (WTA) жаңартылған рейтингінде айтарлықтай прогресс жасады.
Бұл ілгерілеу Болгарияның Хасково қаласында өткен ITF W50 турнирінде парлы разрядтағы титулды жеңіп алғаннан кейін тіркелді. Құламбаева украиналық әріптесі Валерия Страховамен бірге финалда грек және америкалық жұпты 6:0, 6:4 есебімен жеңген.
Осы жеңістің арқасында қазақстандық спортшы WTA рейтингінде 21 сатыға жоғарылап, 173-орынға көтерілді. Ал оның серіктесі Валерия Страхова 102-орынға жайғасты.
Парлы разрядтың үздік үштігінде чехиялық Катерина Синякова, америкалық Тейлор Таунсенд және канадалық Габриэла Дабровски көш бастап тұр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан