2 күн бұрын
Бублик әлемдік рейтингте өз орнын сақтап қалды
Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) спортшылардың жаңартылған рейтингін жариялады.
Бірінші орында италиялық Янник Синнер көш бастап тұр. Екінші орында испаниялық Карлос Алькарас, ал үшінші сатыда неміс теннисшісі Александр Зверев орналасқан. Америкалық Тейлор Фритц тоғызыншы орыннан жетінші орынға көтеріліп, ресейлік Даниил Медведевті тоғызыншы орынға ығыстырды.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик өз орнын өзгеріссіз сақтап, 11-орында қалды. Тағы бір қазақстандық теннисші Александр Шевченко екі сатыға төмендеп, 98-орынға түсті. Тимофей Скатов та екі орынға төмен түсіп, 178-орынды иеленді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан