Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте жоғарылады

Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте жоғарылады

Фото:ҰОК

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева WTA ұйымының жаңартылған рейтингінде жоғарылады.

Бұған Жібек Құламбаеваның Болгарияның Хасково қаласында өткен ITF W50 турниріндегі жеңісі ықпал етті. Жібек жарыста украиналық Валерия Страховамен бірге өнер көрсетіп, чемпиондық атақты иеленді.

Финалда қазақстандық-украиналық жұп Грекиядан келген Марта Маттула мен америкалық Хибах Шайхты 6:0, 6:4 есебімен ұтқан еді.

Хасководағы табысты ойыннан кейін Құламбаева рейтингте 21 сатыға көтеріліп, 173-орынға шықты. Ал Страхова бес орын ілгерілеп, 102-сатыдан көрінді.

Әлемдік жұптық рейтингтің көшін Чехия теннисшісі Катерина Синякова бастап тұр. Одан кейін америкалық Тейлор Таунсенд орналасқан. Ал алғашқы үштікті канадалық Габриэла Дабровски түйіндейді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан