2 сағат бұрын
Қазақстандық теннисші алғашқы кездесуде жарыстан шығып қалды
Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Румынияның Тыргу-Муреш қаласында өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің алғашқы айналымынан аса алмады.
33 жастағы қазақстандық теннисші жергілікті спортшы Себастьян Гимеден екі сет қорытындысы бойынша жеңіліп қалды – 6:7, 3:6.
Осылайша, Евсеев жарысты бірінші кезеңде аяқтады. Ал румыниялық теннисші келесі айналымда босниялық Андрей Недичпен кездеседі.
Айта кетейік, Денис Евсеев мансабында жекелей және жұптық сында 20 титул жеңіп алған. ATP рейтингінің жаңартылған нұсқасында қазақстандық спортшы 457-орында тұр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан