Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

15 сағат бұрын

Ломакин Қытайдағы ITF турнирінің екінші айналымына шықты

Ломакин Қытайдағы ITF турнирінің екінші айналымына шықты

Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Қытайдың Юнин қаласында өтіп жатқан ITF M15 турнирін сәтті бастады.

Бірінші айналымда қазақстандық спортшы жарыс қожайыны Шисун Чжуды екі сетте жеңді. Кездесу 6:4, 6:3 есебімен Ломакиннің пайдасына аяқталды.

Енді қазақстандық теннисші турнирдің келесі кезеңінде австралиялық Макс Пёрселлмен кездеседі.

Ал жұптық сында Григорий Ломакин жарысты алғашқы айналымда аяқтады. Ол Гонконг өкілі Ман Хо Яппен бірге жапониялық Юта Кавахаси мен Тайё Яманака жұбына 6:4, 3:6, 8:10 есебімен есе жіберді.

Айта кетейік, Григорий Ломакин – ITF турнирлерінің 32 дүркін жеңімпазы. Қазіргі таңда ол ATP рейтингінде жекелей сында 888-орында, ал жұптық сында 347-орында тұр.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан