Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

14 сағат бұрын

Қазақстандық теннисшілер АҚШ-тағы ең беделді турнирлердің бірінде бақ сынайды

Қазақстандық теннисшілер АҚШ-тағы ең беделді турнирлердің бірінде бақ сынайды

Фото:ҰОК

АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында 26 маусым мен 5 шілде аралығында үстел теннисінен United States Smash халықаралық турнирі өтеді. Бұл – әлемдік үстел теннисіндегі ең беделді жарыстардың бірі .

Қазақстан намысын аталмыш додада Кирилл Герасименко мен Зауреш Ақашева қорғайды. Екі спортшы да әлемнің үздік теннисшілерімен күш сынасып, рейтингтік ұпайларын жақсартуға мүмкіндік алып отыр.

Турнирге Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарының жеңімпаздары және жүлдегерлері қатысады.

Олардың қатарында Қытай өкілдері Ван Чуцинь, Сунь Инша, Ван Маньюй, Швециядан Трульс Морегард, Жапониядан Томокадзу Харимото, Мива Харимото, Хина Хаята, Франциядан Феликс Лебрун, Бразилиядан Уго Кальдерано және Германиядан Сабина Винтер бар.

Айта кетейік, United States Smash – әлемдік үстел теннисінің ең ірі жарыстарының бірі. Онда қомақтыжүлде қорымкн әлемдік рейтингтік ұпай беріледі. Сондықтан бұл турнирге әлемнің ең мықты спортшылары қатысады.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан