1 күн бұрын
Бублик ATP рейтингіндегі орнын сақтап қалды
Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик рейтингтегі 11-орнын сақтап қалды. Александр Шевченко бір саты төмендеп, 99-орынға жайғасты. Ал Тимофей Скатов алты орынға көтеріліп, 172-сатыға көтерілді.
Әлемнің бірінші ракеткасы атағын италиялық Янник Синнер сақтап қалды. Екінші орында испаниялық Карлос Алькарас, ал үздік үштікті германиялық Александр Зверев түйіндеді.
Айта кетейік, осы аптада Бублик пен Шевченко Уимблдонның негізгі кезеңіндегі жорықтарын бастайды. Бублик алғашқы айналымда австралиялық Танаси Коккинакиспен кездессе, Шевченко әлемнің төртінші ракеткасы, канадалық Феликс Оже-Альяссиммен ойнайды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан