3 күн бұрын
Қазақстандықтар АҚШ-та жарыс жолын аяқтады
АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында үстел теннисінен өтіп жатқан United States Smash халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасының спортшылары Кирилл Герасименко мен Зауреш Акашева бақ сынады.
Кирилл Герасименко жарысты негізгі кезеңнен бастап, алғашқы айналымда жапониялық Сора Мацусимадан 0:3 есебімен жеңіліп, турнирмен қоштасты.
Ал Зауреш Акашева іріктеу кезеңінде швециялық Кристина Калльберг пен үндістандық Диа Читалені 3:2 есебімен жеңді. Алайда іріктеудің үшінші кезеңінде Сингапур өкілі Тан Чжао Юнға 1:3 есебімен есе жіберіп, негізгі кезеңге шыға алмады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан