Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

Елена Рыбакина Уимблдондағы алғашқы қарсыласын әрең жеңді

Елена Рыбакина Уимблдондағы алғашқы қарсыласын әрең жеңді

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 2-орын) Уимблдон-2026 турниріндегі өнерін сәтті бастады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бірінші айналымда Рыбакина Франция өкілі Лоис Буассонмен (154-орын) кездесіп, үш сет қорытындысы бойынша 6:4, 1:6, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Елена турнирдің екінші айналымына өтті.

Еске салсақ, Елена Рыбакина бұған дейін 2022 жылы Уимблдон турнирінің чемпионы атанған болатын. Ал өткен жылғы жарыста қазақстандық теннисші күтпеген жерден үшінші айналымда жеңіліп қалған еді.

Биыл Уимблдон турнирінің жекелей сындағы жеңімпаз 4 165 938 еуро көлемінде сыйақы алып, рейтингке 2000 ұпай еншілейді.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан