1 сағат бұрын
Бубликтің Уимблдондағы келесі қарсыласы анықталды
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бубликтің Уимблдон-2026 турнирінің үшінші айналымындағы қарсыласы анықталды.
Бублик 1/16 финалда әлемдік рейтингте 19-орында тұрған америкалық Фрэнсис Тиафомен кездеседі. Тиафо екінші айналымда Ұлыбритания өкілі Ян Чоинскиді төрт сетте 4:6, 6:2, 7:5, 6:2 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті.
Бублик пен Тиафо арасындағы матч 4 шілде күні Қазақстан уақытымен сағат 15:00-де басталады деп жоспарланған.
Айта кетейік, Уимблдон турнирінің жеңімпазы 3,6 миллион фунт стерлинг көлемінде сыйақы алып, ATP рейтингінің 2000 ұпайына ие болады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан