3 күн бұрын
Құрманғалиев Азия чемпионатының ширек финалында бақ сынайды
Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан үстел теннисінен жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық Алан Құрманғалиев ширек финалға жолдама алды.
19 жасқа дейінгі санатта өнер көрсетіп жатқан қазақстандық спортшы плей-оффтың алғашқы кезеңінде Қытай Тайбэйінің өкілі Чэн Минсюймен кездесті. Жеті партияға созылған тартысты матчта Құрманғалиев 4:3 есебімен жеңіске жетті.
Енді жартылай финал жолдамасы үшін Алан Құрманғалиев Қытай теннисшісі Ли Хэчэнмен кездеседі.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан