2 күн бұрын
Қазақстандық теннисші ITF турнирінің финалына шыға алмады
Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Португалияның Элваш қаласында өткен ITF W50 турнирінің жұптық сынында жартылай финалда жеңіліп, жарысты аяқтады.
Жартылай финалда Жиенбаева литвалық Ивета Дапкутемен бірге Үндістан өкілдері Вайшхнави Адкар мен Рутуджа Бхосалеге қарсы ойнады. Қазақстандық-литвалық жұп үш сетке созылған кездесуде 3:6, 6:2, 2:10 есебімен жеңіліс тапты.
Бұған дейін Жиенбаева мен Дапкуте алғашқы айналымда америкалық Ди Джей Беннетт пен португалиялық Мария Гарсияны, ал ширек финалда словакиялық Катарина Кузмова мен нидерландылық Стефани Джудит Виссъерді бірдей 3:6, 6:2, 10:6 есебімен жеңген болатын.
Айта кетейік, Элваштағы ITF W50 турнирі 29 маусым мен 5 шілде аралығында өтіп жатыр. Жүлде қоры – 40 мың АҚШ доллары.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан