2 күн бұрын
Бублик Уимблдондағы үшінші кездесуін өткізеді
Бүгін, 4 шілде күні қазақстандық теннисші Александр Бублик Уимблдон-2026 турнирінің үшінші айналымында америкалық Фрэнсис Тиафомен кездеседі.
Матч Қазақстан уақытымен 20:30-да басталады.
Айта кетейік, Бублик турнирдің алғашқы айналымында аустралиялық Танаси Коккинакисті бес сетте жеңсе, екінші кезеңде франциялық Кириан Жакені үш сетте ұтып, келесі айналымға өтті.
Ал Фрэнсис Тиафо алғашқы екі кезеңде франциялық Теранс Атман мен Ұлыбритания өкілі Ян Хоинскиді жеңіп, үшінші айналымға жолдама алған болатын.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан