Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

19 сағат бұрын

Бублик Уимблдонның 1/8 финалына шықты

Бублик Уимблдонның 1/8 финалына шықты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Уимблдон-2026 турнирінің төртінші айналымына жолдама алды.

Үшінші кезеңде әлемнің 11-ракеткасы америкалық Фрэнсис Тиафомен (ATP рейтингінде 19-орын) кездесіп, бес сетке созылған тартысты матчта 4:6, 7:6 (7:5), 7:6 (13:11), 4:6, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Төрт сағат 10 минутқа созылған кездесуде алғашқы сетті ұтылған Бублик кейін ойын тізгінін өз қолына алып, екінші және үшінші партияларда тай-брейкте басым түсті. Шешуші бесінші сетте де жеңісті жұлып алып, турнирдің екінші аптасына өтті.

Енді Александр Бублик ширек финалға жолдама үшін әлемнің жетінші ракеткасы, америкалық Тейлор Фрицпен кездеседі.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан