Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

1 күн бұрын

Ресейде Рыбакинаның Уимблдондағы жеңілісіне баға берілді

Ресейде Рыбакинаның Уимблдондағы жеңілісіне баға берілді

Ресейдің «Чемпионат» басылымы қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның Уимблдон турнирінің үшінші айналымында бельгиялық Элизе Мертенстен жеңілуіне талдау жасады.

Басылымның жазуынша, бұған дейінгі жеке кездесулерде Рыбакина айқын басымдыққа ие болған. Ол Мертенсті жеті рет жеңіп, бір ғана рет жеңілген. Алайда қарсыластар алғаш рет шөп төсенішінде кездесіп, бұл жолы бельгиялық теннисші басым түсті.

Мақалада Рыбакинаның алғашқы сетте алғашқы добы жиі дәл түспей, төрт мәрте қос қателік жібергені айтылған. Соған қарамастан қазақстандық теннисші тай-брейкке дейін жеткенімен, шешуші сәтте Мертенс мықтырақ болды.

Екінші сетте Рыбакина небәрі бір геймде ғана жеңіске жетті. Мертенс матчты 7:6 (7:4), 6:1 есебімен аяқтап, турнирдің басты сенсацияларының бірін тіркеді.

Бұл жеңілістен кейін әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко Уимблдон аяқталған соң да рейтингтің көш басында қалатыны белгілі болды.

Айта кетейік, Рыбакина турнирдің үшінші айналымына дейін жеткені үшін 214 082 еуро сыйақы мен 130 рейтингтік ұпай еншіледі.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан