3 күн бұрын
Бублик ширек финал жолдамасы үшін кортқа шығады
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Уимблдон-2026 турнирінің 1/8 финалында әлемнің жетінші ракеткасы, америкалық Тейлор Фрицпен кездеседі.
Матч 6 шілде күні Қазақстан уақытымен 20:30-да басталады. Кездесудің тікелей трансляциясы қолжетімді болады. Букмекерлер бұл ойында Фрицті фаворит санап отыр.
Бублик турнирді сәтті бастап, алғашқы айналымда австралиялық Танаси Коккинакисті, кейін француз Кирьян Жакені, ал үшінші кезеңде америкалық Фрэнсис Тиафоны жеңіп, 1/8 финалға шықты.
Ал Тейлор Фриц осыған дейін серб Душан Лайовичті, америкалық Патрик Кипсонды және италиялық Лоренцо Сонегоны жарыс жолынан шығарған.
Жеңіске жеткен теннисші Уимблдонның ширек финалына жолдама алады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан