Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

7 сағат бұрын

Қазақстан Уимблдон-2026 турнирімен толық қоштасты

Қазақстан Уимблдон-2026 турнирімен толық қоштасты

Қазақстандық теннисшілердің барлығы Уимблдон-2026 турниріндегі өнерін аяқтады.

Ересектер арасындағы жарыста ел намысын қорғаған спортшылардың ішінде ең үздік нәтижені Александр Бублик көрсетті. Қазақстанның бірінші ракеткасы турнирдің төртінші айналымына дейін жетіп, әлемнің жетінші ракеткасы, америкалық Тейлор Фрицке 6:7, 4:6, 4:6 есебімен жол берді. Турнир барысында Бублик Танаси Коккинакис, Кириан Жаке және Фрэнсис Тиафоны жеңіп, 300 мың фунт стерлинг көлемінде жүлде қаржысын иеленді.

Әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина үшінші айналымда бельгиялық Элизе Мертенске 6:7 (4:7), 1:6 есебімен есе жіберіп, жарысты ерте аяқтады.

Анна Данилина әйелдер жұбы мен аралас жұптар сайысында да алғашқы кезеңдерден аса алмады.

Жасөспірімдер арасында Қазақстанның ең үздік нәтижесін Занғар Нұрланұлы тіркеді. Сегізінші нөмірмен тіркелген теннисші үшінші айналымға дейін жетіп, германиялық Винсент Райзахқа 3:6, 6:7 (3:7) есебімен ұтылды.

Ал Дамир Жалғасбай жекелей сында екінші айналымда оңтүстікафрикалық Коннор Дойгтен супер тай-брейкте жеңілсе, жұптық сында америкалық Джек Секордпен бірге 1/8 финалға дейін жетті.

Осылайша, Уимблдон-2026 турнирінде ересектер де, жасөспірімдер де арасында Қазақстан өкілдерінің ешқайсысы ширек финалға өте алған жоқ.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан