Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

Бублик ATP рейтингіндегі орнын сақтап қалды

Бублик ATP рейтингіндегі орнын сақтап қалды

Уимблдон-2026 турнирі аяқталғаннан кейін Теннис кәсіпқойлары қауымдастығының (ATP) жаңартылған рейтингі жарияланды.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 2810 ұпаймен әлемдік рейтингтегі 11-орнын сақтап қалды.

Рейтингтің көш басында Уимблдон чемпионы, италиялық Янник Синнер (13 450 ұпай) қалды. Финалист атанған германиялық Александр Зверев (8480) екінші орынға көтерілсе, жарақатына байланысты турнирге қатыса алмаған испаниялық Карлос Алькарас (8160) үшінші орынға төмендеді.

Қазақстанның тағы бір өкілі Александр Шевченко бір сатыға төмендеп, 100-орынға жайғасты.

Айта кетейік, Бублик Уимблдон-2026 турнирінде төртінші айналымға (1/8 финал) дейін жетіп, америкалық Тейлор Фрицке жол берді. Ал Шевченко жарысты алғашқы айналымда канадалық Феликс Оже-Альяссимнен жеңіліп аяқтады.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан