2 күн бұрын
Рыбакинаның WTA чемпиондық рейтингіндегі орны белгілі болды
Уимблдон-2026 турнирі аяқталғаннан кейін Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) чемпиондық жарысының жаңартылған рейтингі жарияланды.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Лондондағы турнирді ерте аяқтағанына қарамастан, 4627 ұпаймен үшінші орнын сақтап қалды.
Рейтингтің көшін ресейлік Мирра Андреева (4999 ұпай) бастап тұр. Екінші орында Беларусь өкілі Арина Соболенко (4945) орналасқан. Уимблдонның финалисі, чехиялық Каролина Мұхова (4270) төртінші орынға көтерілсе, финалда жеңіске жеткен тағы бір чех теннисшісі Линда Носкова (3674) бес саты жоғарылап, жетінші орынға жайғасты.
Айта кетейік, Елена Рыбакина Уимблдон-2026 турниріндегі жарыс жолын үшінші айналымда бельгиялық Элизе Мертенстен жеңіліп аяқтаған болатын.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан