4 сағат бұрын
Юлия Путинцева Румыниядағы турнирдің ширек финалына шықты
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстанның теннисшісі Юлия Путинцева Румынияның Яссы қаласында өтіп жатқан WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Sport12.kz.
1/8 финалда қазақстандық спортшы Армения өкілі Алина Чараевамен кездесті. Екі сетке созылған матчта Путинцева 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Енді Юлия Путинцева жартылай финалға шығу үшін Маяр Шериф (Мысыр) пен Кэтлин Кеведо (Испания) арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.
Еске салсақ, бұдан бұрын Анна Данилина WTA жұптық рейтингіндегі орнын сақтап қалды
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан