3 сағат бұрын
Астанада теннистен Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаты өтеді
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
20-25 шілде аралығында Астанадағы Beeline Arena теннис орталығында ересектер арасында теннистен Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz
Алты күн бойы еліміздің үздік теннисшілері жекелей сында Қазақстан чемпионы атағы үшін бақ сынайды. Дәстүрлі турнир тәжірибелі ойыншылар мен халықаралық аренада сәтті өнер көрсетіп жүрген дарынды жастарды бір алаңға жинайды.
Елдің қазіргі чемпионы, жаңа буынның ең дарынды өкілдерінің бірі Әмір Омарханов өз чемпиондық атағын қорғайды. Сондай-ақ ерлер арасындағы жарысқа Григорий Ломакин, Арсений Требухин, Даниель Юрекли және еліміздің басқа да үздік теннисшілері қатысады.
Әйелдер арасындағы чемпиондық атақ үшін Аружан Сагандыкова, Асылжан Арыстанбекова, Инкар Дюсебай, Сандугаш Кенжибаева, Альбина Какенова және Қазақстан намысын халықаралық турнирлерде тұрақты түрде қорғап жүрген өзге де спортшылар бақ сынайды.
Еске салсақ, Анна Данилина WTA жұптық рейтингіндегі орнын сақтап қалды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан