17 сағат бұрын
Құламбаева Румыниядағы турнирдің жартылай финалына шықты
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Армения өкілі Алина Чараевамен жұп құрып, Румынияның Яссы қаласында өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына жолдама алды.
Ширек финалда Құламбаева мен Чараева ресейлік Алевтина Ибрагимова мен испаниялық Хеорхина Гарсия Перес жұбын екі сетте 6:2, 7:5 есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат 17 минутқа созылды.
Енді қазақстандық-армениялық жұп финал жолдамасы үшін бельгиялық Магали Кемпен мен ресейлік Александра Пановаға қарсы ойнайды. Аталған жұп турнирдің бірінші нөмірлі фавориті саналады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан