Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

Александр Шевченко Швейцариядағы турнирде ширек финалға шықты

Александр Шевченко Швейцариядағы турнирде ширек финалға шықты

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның ерлер арасындағы жекелей сындағы екінші ракеткасы Александр Шевченко Швейцарияның Гштаад қаласында өтіп жатқан ATP 250 санатындағы турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Sport12.kz.

Әлемдік рейтингте 100-орында тұрған қазақстандық теннисші екінші айналымда жергілікті спортшы, әлемнің 360-ракеткасы Доминик Штрикермен кездесті.

Матч екі сетке созылып, Шевченконың 7:6 (7:5), 6:2 есебімен жеңісімен аяқталды.

Теннисшілер кортта 1 сағат өткізді. Осы уақыт ішінде Александр тоғыз эйс жасап, үш рет қос қателікке жол берді және төрт брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.

Ширек финалда Александр Шевченко Александр Бублик пен франциялық Кентен Гали арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.

Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Румынияның Яссы қаласында өтіп жатқан WTA 250 санатындағы турнирдің финалына жолдама алды.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан