3 күн бұрын
Қазақстандық теннисшілердің ATP рейтингіндегі көрсеткіші жаңарды
Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 2610 ұпаймен 11-орнын сақтап қалды.
Әлемдік рейтингтің көш басында италиялық Янник Синнер (13 450 ұпай) тұр. Екінші орында германиялық Александр Зверев (8480 ұпай), ал үздік үштікті испаниялық Карлос Алькарас (8160 ұпай) түйіндейді.
Қазақстанның тағы бір өкілі Александр Шевченко бірден 16 сатыға жоғарылап, 736 ұпаймен 84-орынға көтерілді.
Айта кетейік, өткен аптада қазақстандық теннисшілер Швейцарияның Гштаад қаласында өткен ATP 250 турниріне қатысты. Бублик жарысты екінші айналымда аяқтаса, Шевченко жартылай финалға дейін жетті.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан