1 күн бұрын
Құламбаева WTA 250 турнирінің финалында жеңіліп қалды
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Румынияның Яссы қаласында өткен WTA 250 турнирінің жұптық сынында финалға дейін жетті.
Құламбаева армениялық Алина Чараевамен бірге шешуші кездесуде Чехия өкілі Анастасия Детюк пен ресейлік Ирина Хромачёваға қарсы ойнады.
Үш сетке созылған тартысты матчта қазақстандық-армениялық жұп 4:6, 6:2, 5:10 есебімен чемпиондық тай-брейкте жеңіліп, турнирдің күміс жүлдегері атанды.
Айта кетейік, Жібек Құламбаева кәсіби мансабында жекелей және жұптық сында 47 World Tennis титулын жеңіп алған. Қазіргі таңда ол WTA рейтингінде 460-орында тұр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан