Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

1 күн бұрын

Елордада теннистен ел чемпионаты басталды

Елордада теннистен ел чемпионаты басталды

Астанадағы Ұлттық теннис орталығының Beeline Arena корттарында ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының жазғы теннис чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Sport12.kz

Алдағы алты күн бойы еліміздің үздік теннисшілері жекелей және жұптық сында Қазақстан чемпионы атағы үшін бақ сынайды.

Дәстүрлі түрде бұл турнир тәжірибелі спортшылар мен халықаралық аренада өзін танытып жүрген жас әрі болашағынан зор теннисшілерді бір алаңға жинайды. Көптеген қатысушылар үшін ел чемпионаты маусымдағы ең маңызды жарыстардың бірі әрі спорттық мансаптағы маңызды кезең саналады.

Турнирдің ашылу салтанатында Қазақстан теннис федерациясының атқарушы директоры Медет Байкен, бас төреші Әмір Жақыпов және Қазақстан теннис турының директоры міндетін атқарушы Дархан Жанмұхамбетов қатысушыларға сәттілік тіледі.


«Биылғы чемпионатқа еліміздің барлық өңірінен келген 32 қыз және 32 ер спортшы қатысып жатыр. Сонымен қатар жұптық сында 16 ерлер және 16 әйелдер жұбы бақ сынайды. Бұл жарыстың маңызы ерекше, өйткені чемпион Қазақстан Республикасының спорт шебері атағының нормативін орындайды, ал финалистер спорт шеберлігіне кандидат атағына ие болады. Бұл – әрбір спортшының кәсіби жолындағы маңызды белес.

Қазақстан чемпионаты ұлттық деңгейдегі ең беделді жарыстардың бірі болып қала береді. Мұнда елдің ең үздік теннисшілері бас қосады, ал жас ойыншылар үшін өз мүмкіндігін көрсетуге, тәжірибе жинақтауға және жоғары деңгейде өзін дәлелдеуге тамаша мүмкіндік туады», – деді Қазақстан теннис турының директоры міндетін атқарушы Дархан Жанмұхамбетов.

Ерлер арасындағы жарыста Арсений Требухин, Даниэль Юрекли, Тимур Сауленко, Олжас Есеналы және еліміздің басқа да үздік теннисшілері өнер көрсетеді.

Әйелдер арасындағы турнирде чемпиондық атақ үшін Асылжан Арыстанбекова, Инкар Дүсебай, Сандуғаш Кенжибаева, Альбина Какенова және халықаралық жарыстарда Қазақстан намысын қорғап жүрген басқа да спортшылар бақ сынайды.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан