2 күн бұрын
WTA әйел теннисшілер үшін міндетті гендерлік тест енгізді
Фото: South China Morning Post
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) спортшылар үшін биологиялық жынысты анықтауға мүмкіндік беретін SRY геніне міндетті гендерлік тестілеу енгізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Тест бір рет қана өткізіледі және оны ауыз қуысының жағындысын алу немесе қан талдауы арқылы тапсыруға болады.
Егер SRY геніне жүргізілген тест оң нәтиже көрсетсе, спортшы қосымша медициналық тексеруден өтеді. Бұл ген ағзаның ер адамға тән белгілер бойынша дамуына байланысты.
WTA-ның 2024 жылы жаңартылған бұрынғы ережесіне сәйкес, әйел гендерлік сәйкестігін мәлімдеген және жарыс басталғанға дейін кемінде екі жыл бойы тестостерон деңгейін белгіленген шектен төмен ұстап келген трансгендер әйелдердің жарысқа қатысуына рұқсат етілетін.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан