Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

21 сағат бұрын

Қазақстан Ташкенттегі халықаралық турнирде жеті медаль жеңіп алды

Қазақстан Ташкенттегі халықаралық турнирде жеті медаль жеңіп алды

Өзбекстанның Ташкент қаласында үстел теннисінен WTT Youth Contender Tashkent II халықаралық турнирі мәресіне жетті. 22 елдің спортшылары қатысқан жарыста Қазақстан құрамасы жеті медаль еншіледі.

Қазақстандық спортшылар екі алтын, бір күміс және төрт қола жүлдеге қол жеткізді.

Алан Құрманғалиев (U-19) пен Жания Бекмұхамбетова (U-13) өз жас санаттарында чемпион атанды.

Назерке Болатбек (U-11) күміс жүлдені иеленді.

Ал Дағир Данияров, Нұржан Бақдәулет, Медина Амандық және Нұрай Жанаева U-11 санатында қола медальға қол жеткізді.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан