5 сағат бұрын
Теннистен ел чемпионаты туралы 10 қызықты дерек
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Астанада Қазақстан Республикасының жазғы теннис чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл – жыл сайын еліміздің ең мықты теннисшілерін жинайтын маусымдағы басты ұлттық жарыс. Шешуші матчтар өтіп жатқан сәтте турнир туралы көпшілік біле бермейтін қызықты деректермен танысуды ұсынамыз. Олардың кейбірі тіпті теннистің жанкүйерлерін де таңғалдыруы мүмкін.
1. Қазақстан чемпионаты жылына екі рет өткізіледі
Қазақстан теннис федерациясының күнтізбесіне ересектер арасындағы қысқы және жазғы Қазақстан чемпионаттары енгізілген.
2. Ариана Гогулинаның алғашқы ересектер арасындағы чемпиондығы тарихқа енді
2023 жылы Ариана Гогулина небәрі 14 жасында Қазақстан чемпионы атанып, ел тарихындағы ересектер арасындағы ең жас чемпион болды.
3. Алексей Кедрюк – Қазақстанның көп дүркін чемпионы
Қазақстан теннисінің аңызы Алексей Кедрюк – ел чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы. Оның он мәрте чемпион атанған рекордын әлі күнге дейін ешкім жаңарта алған жоқ.
4. Амир Омарханов – қазіргі ең жас чемпион
2025 жылы Амир Омарханов 17 жасында Қазақстанның жазғы чемпионатында жеңіске жетіп, елдің ең жас қазіргі чемпионы атанды.
5. Чемпионатта елдің ең мықты 64 теннисшісі бақ сынайды
2026 жылғы жазғы чемпионаттың негізгі кезеңінде Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген 32 ер және 32 әйел теннисші өнер көрсетуде.
6. Жеңімпаздар екі санатта анықталады
Қазақстан чемпионатының басты жүлделері ерлер мен әйелдер арасында жекелей және жұптық сында сарапқа салынады.
7. Турнир алты күнге созылады
Ел чемпионы атану үшін спортшылар бес матчқа дейін қатарынан жеңіске жетуі тиіс.
8. Жеңімпазға Қазақстан Республикасының спорт шебері атағы беріледі
Қазақстан чемпионатының жеңімпазы Қазақстан Республикасының спорт шебері атағын алады, ал финалистерге спорт шеберлігіне кандидат атағы беріледі.
9. Чемпионатты еліміздегі ең ірі теннис орталығы қабылдайды
2026 жылғы жарыс Астанадағы Beeline Arena Ұлттық теннис орталығында өтуде. Биыл бұл кешен ITF ұйымының халықаралық сапа стандарты бойынша Gold Recognition («Алтын мәртебе») иегері атанды.
10. Қазақстан теннисінің барлық көшбасшылары осы чемпионаттан өткен
Әр жылдары ұлттық біріншіліктің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатарында Михаил Кукушкин, Дмитрий Попко, Денис Евсеев, Александр Недовесов, Тимофей Скатов, Жібек Құламбаева, Григорий Ломакин және кейін Қазақстан намысын әлемнің ең ірі халықаралық турнирлерінде қорғаған басқа да теннисшілер болды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан