16 сағат бұрын
Юлия Путинцева Гамбургтегі турнирді екінші айналымда аяқтады
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан WTA 250 турниріндегі өнерін аяқтады.
Әлемдік рейтингте 79-орында тұрған қазақстандық спортшы жекелей сындағы екінші айналымда армениялық Элина Аванесянмен (WTA №208) кездесті.
Үш сетке созылған тартысты матчта Аванесян 6:3, 2:6, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 2 сағат 11 минутқа созылды.
Айта кетейік, осыған дейін қос теннисші кәсіби деңгейде екі рет кездесіп, екі ойында да жеңіс Юлия Путинцеваның еншісінде болған еді.
Енді Элина Аванесян турнирдің ширек финалында украиналық Олександра Олийниковамен кездеседі.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан