Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

13 сағат бұрын

Қазақстандық теннисшілердің ATP рейтингіндегі жаңа орындары жарияланды

Қазақстандық теннисшілердің ATP рейтингіндегі жаңа орындары жарияланды

Теннис кәсіпқойлары қауымдастығы (ATP) әлемдік рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады.

Жаңартылған рейтингте Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 2525 ұпаймен 11-орнын сақтап қалды. Еске салайық, ол өткен аптада Аустрияның Кицбюэль қаласында өткен ATP 250 турнирінің финалына дейін жетіп, шешуші кездесуде франциялық Кантен Алиске есе жіберген еді.

Қазақстандық теннисшілер арасында Александр Шевченко – 89-орында, Тимофей Скатов – 150-орында, Бейбіт Жукаев – 413-сатыда тұр.

Сондай-ақ Денис Евсеев 441-орынға жайғасса, Дмитрий Попко – 625, Амир Омарханов – 627, ал Григорий Ломакин 913-орында орналасқан.

Әлемдік рейтингтің көш басында бұрынғысынша италиялық Янник Синнер тұр. Екінші орында – германиялық Александр Зверев, ал үздік үштікті испаниялық Карлос Алькарас түйіндейді.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан