13 сағат бұрын
Алматыдағы WTT турнирінде Қазақстан тағы екі медаль иеленді
Алматыда өтіп жатқан WTT Youth Contender халықаралық үстел теннисі турнирінде Қазақстан құрамасының қоржыны тағы екі жүлдемен толықты.
U-13 жас санатында өнер көрсеткен Дулат Ералхан финалға дейін жетіп, шешуші кездесуде Өзбекстан өкілі Амир Шириевке жол берді. Осылайша қазақстандық спортшы күміс жүлдеге ие болды.
Ал осы жас санатындағы тағы бір қазақстандық Олег Яковлев қола медаль жеңіп алды.
Айта кетейік, бұған дейін Олег Яковлев пен Мария Лукьянова (U-15) аралас жұптық сында қола жүлдегер атанған болатын.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан