1 күн бұрын
Қазақстандық үстел теннисшілері Ташкентте күміс жүлде жеңіп алды
Фото:ҚТФ
Қазақстандық Кирилл Герасименко мен Ескендір Харки Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен WTT Feeder халықаралық турнирінің күміс жүлдегері атанды.
Отандастарымыз ерлер арасындағы жұптық сында Франция, Өзбекстан және Ресей құрамаларының өкілдерін жеңіп, финалға дейін жетті.
Шешуші сайыста қазақстандық жұп Ресейдің Максим Гребнев пен Лев Кацманынан 0:3 есебімен жеңіліп, турнирді күміс жүлдемен аяқтады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан