Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 күн бұрын

Аргентиналық жұлдыз Almaty Open-2026 турнирінде өнер көрсетеді

Аргентиналық жұлдыз Almaty Open-2026 турнирінде өнер көрсетеді

Аргентиналық теннисші Томас Мартин Этчеверри 17–25 қазан аралығында өтетін Almaty Open-2026 ATP 250 турниріне қатысатынын растады.

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, Этчеверри Алматыдағы жарысқа қатысатын теннисшілер қатарына қосылды.

Аргентина өкілі мансабында ATP 500 санатындағы бір турнирде жеңіске жеткен. Сонымен қатар ол «Челленджер» сериясындағы үш жарыстың чемпионы атанған. Ал «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі ең үздік нәтижесі – 2023 жылғы «Ролан Гаррос» додасының ширек финалы.

Бұған дейін Almaty Open-2026 турниріне қазақстандық Александр Бублик, сондай-ақ Даниил Медведев, Карен Хачанов және Лучано Дардери қатысатыны белгілі болған.



Біздің серіктес: Sport12kz